
"ҚазҚұрылысСервис" АҚ компаниялар тобына ірі мұнай-газ жобаларын,құрылыс және жобалау саласындағы жобаларды іске асыру үшін 3 еншілес компания және 2 бірлескен кәсіпорын кіреді.



"ҚазҚұрылысСервис" АҚ
ЕРС-жер бетіндегі көмірсутекті және инфрақұрылымдық жобаларға арналған қызметтер

Engineering & Procurement Services ЖШС (EPS), 100 %
Тұжырымдаманы әзірлеуден бастап пайдалануға беруге дейінгі көмірсутекті және өнеркәсіптік жобалар мен инфрақұрылымдық сектор үшін жобалау және МТО саласындағы қызметтер.

Caspian Offshore & Marine Construction ЖШС (COMC), 100 %
Мұнай-газ және теңіз өнеркәсібі үшін қызмет көрсететін көп салалы зауыт. Зауыт теңіз портына тікелей жақын жерде, "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағының аумағында орналасқан, өзінің верфі бар.

Wood KSS АҚ, 50 % (бұрын "ПСН ҚазҚұрылыс" АҚ ретінде белгілі болған)
Теңіз және жерүсті мұнай-газ, мұнай-химия және энергетика нысандарында ұзақ мерзімді қызмет көрсету.

"KCA DEUTAG Kazakhstan" ЖШС
49%: жер үсті және теңіз жобаларын барлау және өндіру.